2,5 мың ЖТҚ және КПТҮ нысандарында құрылысшылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуде,деп хабарлайды ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні 407 жеке үй және 3 көпқабатты үй толық қалпына келтірілді. 17 секторда 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Олардың міндеті – тұрғын үй қорының қалған нысандарын 20 тамызға дейін пайдалануға тапсыру.
Айта кетейік, 1 тамыз күні Арыс қаласында жарылыс толқынынан зардап шеккен барлық үйлердің 90%-ы қалпына келтірілді. Ауқымды құрылысқа еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан келген жұмысшылардың рекордты саны – 8 мыңға жуық маман қатысты.