Арыс қаласының көшелері тексерілді. Жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын қала көшелерін тексеру барысында, 67 көшенің жамылғысында ақау бары анықталған, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Енді 68,6 шақырым жолға 2 234 дана шам орнатылады. Жалпы аумағы 9 522 м2 көшенің жиектері жөнделеді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған 13 аймақ бойынша 67 көшенің бүгінгі таңда 40 көшесінде жұмыстар жүргізілуде. Мұнда 60-қа жуық арнайы техника мен 110-нан аса жұмысшы тартылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу