Арыста 600 га жер жаңбырлатып суарылады

1133

Арыста 600 га жер жаңбырлатып суарылады

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласына тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл әдіс арқылы шаруалар ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін де арттырады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа технологияны енгізіп, 600 га жерді жаңбырлатып суғару әдісімен суғарып отырған "Жаңа Ақдала" Агрофирмасы" ЖШС-ның егістік алқабымен Арыс қаласына жасаған пресс-тур барысында журналистер танысты.

Ақдала ауыл округінде орналасқан серіктестік биыл өзіне қарасты егістік жерді игеру үшін Германияның BOUER компаниясынан шыққан жаңбырлатып суғару әдісін қолданып отыр. Оның әрқайсысы бір орында 60 га жерді суғаруға мүмкіндігі бар. Шаруашылық құны 67 мың еуро тұратын құрылғының 7 данасын алып, іске қосқан. Мұндағы мамандар жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі көп дейді. Біріншіден, үлкен жерді суғаруға тиімді, екіншіден, су үнемделіп, жұмыс күші көп қажет етілмейді. Үшіншіден, бір мезгілде суғарылып, тегіс мол өнім алуға мүмкіндік туады екен.

Шаруа қожалығы мұнан бөлек, биыл 400 га жерге қызанақ егіп, одан шыққан өнімді 600 тонна өнім шығаруға қауқарлы зауытта өңдеуді жоспарлап отыр. Мәселен, өткен жылы 300 га жерге егілген қызанақтан 1 мың тонна томат пастасы шығарылса, 120 га жерге отырғызылған алма бақтан да мол өнім алып, алма езбесін шығарған. Ал осы жылы 3-4 мың тонна томат пастасы мен 200 тонна алма езбесін өндіру жоспарланып отыр. Оңтүстіктен шыққан томат пастасы мен алма тосабына бүгінде алыс-жақын шетелдерден сұраныс көптеп түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу