Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды

2199

Балық асырау бұғатында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді.

Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды

Биылғы жылдың мамыр айында Арыс қаласы,  Дермене ауылынан "Дермене Агро Групп" ЖШС директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед  өз қаржысынан үш балық асырау бұғатының құрылысын бастаған, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда сол балық асырау бұғатының негізгі құрылысы аяқталып, үш  миллионға жуық  тұқы "карп" шабақтары жіберілді.

Шараға Арыс қаласы әкімі М.Қадырбек, ауылдық округі әкімі Ж.Кадиев бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ардагерлері қатысты. Шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.

"Дермене Агро Групп" ЖШС-і 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнім алуды жоспарлауда. Бір тұқы "карп" балығының ұзындығы 40 сантиметрге жетеді, ал салмағы 800 гр – 3 кг аралығында болады.

Аталған балық асырау бұғатында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі  аталған балық асырау бұғаты орналасқан жердің аумағынан жасыл желектер егіп көгалдандырып, абаттандыруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу