Арыста әскери бөлім аумағында үш адам қаза тапты

508

Олар абайсызда құдыққа құлап кеткен. 

Арыста әскери бөлім аумағында үш адам қаза тапты Фото: МК

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға кәріз тазалау кезінде болған. Қаза тапқандардың арасында екі азаматтық тұлға мен бір келісімшарт бойынша әскери қызметкер бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент жедел бөлімшесінің жұмысшысын құтқармақ болған. Екі азаматтық тұлға мен екі әскери қызметкер су ішіне түсіп, қайтадан шыға алмай қалған. 

Тағы бір жұмысшы мен келісім шарттағы сарбаз ауруханада жатыр. Олардың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.

Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу