Арыста бір әулеттің 5 адамы ұзақ мерзімге сотталды

418

Екі адамды атып өлтірді деген күдікке іліккендердің екеуіне 20 жыл, қалған үшеуіне 25 жыл жаза кесілді. 

Арыста бір әулеттің 5 адамы ұзақ мерзімге сотталды Фото: stan.kz

Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы бірдей ауыр жаза арқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қанды қылмыс былтыр тамыз айында Арыс қаласында болған. Жер үйдің ауласында демалып отырған жігіттерді бетін тұмшалаған екі жендет қарумен атып кеткен. Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, "Черный Алмас" лақап атымен танымал Алмас Жолдасов пен 23 жасар Жандаулет Қабылов көз жұмды. Жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі полиция қызметкері екен.

Көп ұзамай 53 және 25 жастағы жалдамалы жендеттер ұсталды. Олар тіпті адам өлтіруге тапсырысты кім бергенін де айтып берген. "Черный Алмас" сотталушылардың туысын өлтірген екен. Кек қайтару үшін жиналған бір әулеттің жігіттері екі туысын дайындап, қаруына дейін сайлап берген.

Кісі өлтірген ағайындылардың екеуі 20 жылға, ал 24, 26 және 20 жастағы қылмысты ұйымдастырушылар 25 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу