Арыста болған кешегі өрттің себебі айтылды

775

Тексеру жүргізу үшін арнайы топ та құрылған. 

Арыста болған кешегі өрттің себебі айтылды

Арыстағы темір жол депосы қоймасынан шыққан өрттің себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business

Тексеру жүргізу үшін арнайы топ та құрылған. Осы жайтқа қатысты бүгін кентте төтенше жағдай қызметінің ұйырдайстырумен арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Өрт депоның 32-цехынан шыққаны және оны ауыздықтауға 4 сағат кеткені айтылды. Жеке құрамнан 55 адам мен 8 техника тартылған.

Алдын ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына вагондарды жөндеу кезінде дәнекерлеу құралын дұрыс пайдаланбау себеп  болған.

Өрттен қала тұрғындарының өміріне ешқандай қауіп төнбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу