Арыста құны 3,5 млрд теңгені құрайтын жаңа депо салынады

148

Депо 2,9 гектар аумақты алып жатыр.    

Арыста құны 3,5 млрд теңгені құрайтын жаңа депо салынады Фото: rail-news.kz

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев теміржол машина жасау саласындағы жетекші халықаралық серіктес – Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойемен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар қаланың өндірістік әлеуетін арттыру, теміржол саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру бағыттарын талқылады. Сонымен қатар қадірлі мейманмен бірге қазіргі уақытта Арыс қаласында бой көтеріп жатқан Alstom компаниясы құрастырған электровоздарға сервистік қызмет көрсететін ірі өндірістік орталықтың құрылыс алаңына барды.

Қала әкімі мен компания өкілдері нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысып, KZ4 және KZ8 сериялы электровоздарды жөндеуге қауқарлы теміржол сервистік депосының құрылысына символдық түрде қыш қалады.

Жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын жаңа депо 2,9 гектар аумақта салынып жатыр. Жоба толық іске қосылғаннан кейін 100-ден астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Қазіргі таңда нысанға қажетті инфрақұрылымды тарту жұмыстары да жоспарлы түрде жүргізілуде.

Айта кетейік, Alstom – теміржол саласына арналған локомотивтер, жоғары жылдамдықты пойыздар, трамвайлар және теміржол инфрақұрылымына қатысты жабдықтар өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын Францияның ірі машина жасау компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу