Арыста құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын

1645

Жөндеуді қажет ететін 7 163 нысанның 7154-інде құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Арыста құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын

Арыста 7500-ден астам үйдің арасында сараптау қорытындысымен келіспей отырғандар бар. Олар күрделі жөндеудің орнына үйлерін түгел сүріп тастап, қайта салуды талап етуде. Бұл туралы облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев өткізген Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қатысты аппараттық жиында айтылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметовтың сөзінше, бұл мәселелер жақын күндері шешімін таппақ екен.

Жалпы Арыс қаласындағы құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі кезде толықтай сүріп тастап, жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылысы тәулік бойы жүріп жатыр.

Арыс қаласында жөндеуді қажет ететін 7 163 нысанның 7154-інде құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жалғасуда. Қалпына келтіру жұмыстарына 126 құрылыс компаниясы, 4 мыңға жуық жұмысшы, 200-ден астам арнайы техника тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу