Арыста материалдық шығын көлемі әлі есептеліп жатыр

803

Әзірге белгілісі - 21 үй толық өртеніп кеткен.

Арыста материалдық шығын көлемі әлі есептеліп жатыр

Арыста үйлерді қалпына келтіру басталды. Қаладағы су сапасы да тексерілуде, деп хабарлайды Atameken Business.

Сараптаманы 48 көрсеткіш бойынша "Қазгидромет" мамандары жүргізуде. Әзірге синоптиктер су сапасының 22 көрсеткіші бойынша жүргізілген талдау нәтижелері бойынша асып кету анықталмағанын айтады. Қалған 26 көрсеткіштің талдауы 5 күннің ішінде дайын болуға тиіс.

Ал жерүсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталмаған.  

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың біреуі - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. Сондай-ақ, 170-ке жуық адам зардап шекті. Ал материалдық шығын көлемі әлі есептелуде.

Әзірге белгілісі - 21 үй толық өртеніп кеткен. Жалпы, үй-жайлар мен ғимараттардың 90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу