Арыста оқ-дәрілер қоймасы аумағындағы бейнекамералардың жазбасы алынды

1232

Қателік жіберген болса, жауапты тұлғалардың әрбірі заң талаптарына сай қатаң жазаланатын болады.

Арыста оқ-дәрілер қоймасы аумағындағы бейнекамералардың жазбасы алынды

ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін арыстықтармен бірге қалаға келді. Ол шаһардағы орталық алаңда журналистермен кездесіп, жарылған оқ-дәрілер қоймасы былтыр ғана техникалық қауіпсіздік технологиясымен жабдықталғанын айтты.

"Оқиғаның шығу себебіне келер болсақ, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық болжамдар тексеріліп жатыр. Бірақ, қазір нақты себебін айту қиын. Мен өзім жарылыс болған күні әскери бөлімшенің командирімен бірге қоймаға барып, сол аумақты бейнетаспаға түсіріп тұрған камералардың жазбасы алдық. Қазір тергеу тобы ол жазбаларды мұқият қарап жатыр. Әрбір жауапты тұлғаның кінәсі анықталатын болады. Қателік жіберген болса, жауапты тұлғалардың әрбірі заң талаптарына сай қатаң жазаланатын болады", – дейді министр.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу