Арыс қаласында зиянкес шегірткеге қарсы іс-шара қызу жүріп жатыр. Шегіртке былтырғыдай бой бермей кетпес үшін мамандар оларды қанаттанбай тұрып, жойып жіберудің әрекетіне кірісті.
Қала әкімі Мұрат Болатұлының айтуынша, биыл өңірде жауын-шашын мол болып, қыстың жайлы болуы зиянкестің көбеюіне оң әсер еткенін айтып, биологиялық күресті жоғары деңгейде ұйымдастыруды қатаң тапсырды.
Қазір Арыс қаласының еншісіндегі 56,3 мың га жерге шегірткеге қарсы дәрі себіліп жатыр. Дәрі шашатын 2 ұшақ пен дәрі шашатын қондырғымен жабдықталған 4 трактор, 6 ГАЗ-66 жүк көлігі, 9 уазик, барлығы 21 техника мен 100-ден аса адам жұмылдырылып, жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу