Арыста Сібір жарасына қатысты ешбір қауіп жоқ

918

Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы осылай деп, тұрғындардың қорқынышын басты.

Арыста Сібір жарасына қатысты ешбір қауіп жоқ

Арыс қаласы аймағында орналасқан мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты ешбір қауіп анықталмаған. Бұл туралы Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы Өмірқұл Омаров баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Арыс қаласында 2 қорым бар. Бірі – Дермене, екіншісі – Қожатоғай ауыл округі аймағында орналасқан. Өмірқұл Омаровтың айтуынша, екеуі де қазір сала мамандарының қатаң бақылауында.

"Қазіргі таңда мал қорымдары зақымданбаған. Барлық талаптарға сай сақтаулы. Олар үнемі ветеринария қызметкерлерінің қадағалауында. Қорымдарға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Сол аумақтағы топырақтан ұдайы сынақ алынып отырады. Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша ешбір қауіп анықталмаған. Жалпы бүгінге дейін қорымдардан сібір жарасына қатысты ешқандай мәлімет тіркелмеген", – деді Өмірқұл Омаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу