Арыста снарядтардан келетін қауіп әлі толық жойылған жоқ

850

Билік Арыс қаласының тұрғындары ұшқан снарядтардан келетін қауіп толық жойылмайынша, өз үйлеріне бармауды сұрады. 

Арыста снарядтардан келетін қауіп әлі толық жойылған жоқ

"Арыс қаласындағы бір көшеде бір түннің өзінде жарылмаған бірнеше қару-жарақ табылды. Сондықтан жарылыс қаупі әлі де бар. Тұрғындарға қала аумағына әзірше кірмеуді өтінеміз", – деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.      

ІІМ ТЖ комитеті төрағасы  Владимир Беккердің мәліметінше, қазір снардтардың жарылу қаупі әлі де бар, өйткені снарядтардың ұшуы айтарлықтай болған.       
"Снарядтар тұрғын үй секторларынан, темір жолдарда, темір жол тораптарынан табылып жатыр", – деп атап кетті Беккер.          

Арыс қаласындағы үш қойманың екуіндегі өрт сөндірілген, ал бір қоймада бықсыған от әлі де бар, деп хабарлады қорғаныс министрі.   

"Тап қазіргі уақытта үш қойманың екеуінің аумағындағы өрт сөндірілген", – деді Ермекбаев баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу