Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Шүкірхан Сабиров Арыста орын алған жарылыстардың видеосын жариялады. Алайда, бұл жолғы жарылыс 24 маусымдағыға ұқсамайды. Біріншіден, бейнетаспа қалада емес, далада түсірілген. Екіншіден, әскери көліктің ішінде орын алғанға секілді. Соған қарағанда, снарядтарды қаладан көшіріп әкетіп бара жатқан әскери көлік жарылған секілді.
Видеода бірнеше рет жарылыс орын алады. Жарылыстарды телефонның камерасына түсіріп жүрген адам, сол маңда байланыс жүйесін тарту жұмыстарымен айналысып жүргенге ұқсайды. Себебі, ол маңайда құрылыс машиналары көп.
"Күні кеше болған жарылыс. Түсте болған. Көршім ремонтқа адамдарды алып барып, түскі тамағын тастай салып қашыпты", – деп жазған видеоның астына Шүкірхан Сабиров.
Айта кетейік, ҚР қорғаныс министрлігі 5 шілде де орын алған жарылыстар, жоспарлы жарылыстар екенін және тұрғындар үшін қаупі жоқтығын хабарлаған болатын.
Арай Есенбек