Арыс қаласында 2 қыркүйекке дейін 7338 жеке тұрғын үй мен көп қабатты тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Әскери полигондағы жарылыстардан барлығы 7634 үй зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
"Рекордтық мерзімде 188 үй қайта салынды, оның 142-де әрлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда қалада 4 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде, олар косметикалық жөндеу жүргізіп, апатты деп танылған және бұзылуға жататын 278 тұрғын үй қорының нысанын тұрғызады",– деген мәлімет берді ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жөндеу жұмыстары Арыстың 9 секторында аяқталған, ал 8 секторда жаңа үйлердің құрылысы бітті. Сондай-ақ, қалада 59 әлеуметтік нысан, оның ішінде 50 білім беру нысаны тапсырылды.
Қалада тұрғын үй қорын қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасады.