Арыста зардап шеккен әскерилер бейінді бөлімшеге ауысты

860

Әскери дәрігерлер Арыста зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайлары жайлы хабарлады

Арыста зардап шеккен әскерилер бейінді бөлімшеге ауысты

Арыста зардап шеккен әскери қызметшілерді Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы медициналық қызметтің полковнигі Ғалымжан Омаровтың айтуынша, науқастардың жағдай қанағаттандырарлық.

"Олардың барлығы әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды. Оқиғадан кейін әскери қызметшілер әскери авиацианың медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілді. Ол өз кезегінде уақытылы қажетті медициналық көмекті көрсетуге, сондай-ақ тез арада оңалуға жағдай жасады",  делінген баспасөз хабарламасында. 

21 қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагментінің өздігінен жарылған болатын. Нәтижесінде  келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу