Арыста жарылыс қаупі әлі бар – Қорғаныс министрлігі

1156

Қаладағы және қала жақын орналасқан жерлердегі радиациялық жағдай қалыпты.

Арыста жарылыс қаупі әлі бар – Қорғаныс министрлігі

Түркістан облысының жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласында тұрқаты қауіпті жағдай сақталуда, деп хабарлады қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев.          

"Қаланы үш ұшақсыз аппарат бақылап жүр. Олар өрт болатын жерлерді қарайды. Қазіргі уақытта үш жанып жатқан орын бар екені анықталды. Үлкен жарылыс болатыны байқалмайды. Дегенмен тұрақты қауіпті жағдай сақталады", – деді сәрсенбі күні Құрманбаев.        

"Қаладағы және қала жақын орналасқан жерлердегі радиациялық жағдай қалыпты", – деді министр.        

Еске сала кетейік, 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болған, осының салдарынан 165 адам зардап шегіп, үш адам қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу