Арыстағы құрылысқа жауаптылар Асқар Маминге есеп берді

927

Олар өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасады.  

Арыстағы құрылысқа жауаптылар Асқар Маминге есеп берді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында кеңес өткізіп, ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасы Б. Сандықбаев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасады.  

Сонымен қатар, кеңес барысында өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының басшылары сөз сөйледі.  

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арыс қаласын қалпына келтіру мақсатында еліміздің барлық өңірлері, ұлттық компаниялары, ірі бизнес өкілдері белсенді түрде атсалысты", ­–деп Асқар Мамин, бір ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын, қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы қатысқанын айтты.

ҚР үкіметінің басшысы Арыс қаласын қалпына келтіруге араласқан, көмек қолын созған барлық отандастарға, бизнес, әкімдік өкілдеріне, құрылысшыларға алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу