Арыстағы оқ-дәрілерді жинауға 2-3 жыл керек – америкалық сарапшы

1044

2019 жылы қаладағы әскери қойма жарылып, 3 адам қаза тапқан еді.

Арыстағы оқ-дәрілерді жинауға 2-3 жыл керек – америкалық сарапшы

Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқ-дәрілерді жинауға 2-3 жыл қажет. Бұл туралы америкалық сарапшы Марк Тобайас айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Әскери қойма өте үлкен. Онда жарылмаған оқ-дәрілер көп. Оны жинауға 2-3 жыл керек шығар", - деді оқ-дәрілерді залалсыздандыру жөніндегі жедел әрекет ету жасағының маманы Марк Тобайас АҚШ елшілігінде өткен брифингте.

27 сәуір мен 14 мамыр аралығында Марк Тобайас пен Грегори Форд есімді америкалық сарапшылар (Explosive Ordnance Disposal, EOD) Арыстағы жарылмаған оқ-дәрілерді жинау бойынша консультация өткізген.

Айта кетейік, 2019 жылғы 24 маусымда Арыстағы N44856 әскери қоймасында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылған еді. Салдарынан 3 адам: екі әскери қызметкер мен жергілікті тұрғын қаза тапқан. 400 адамға медицина көмек көрсетілді. Арыста төтенше жағдай жарияланып, 45 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 

Жарылыстан қаладағы үйлердің шамамен 90%-ы қирады. Бірнеше ай бойы шаһарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 

Осы оқиғадан соң, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу