Арыстағы өртті сөндіруге жұмылған мамандарға сый-құрмет көрсетілді

1334

Әскери қоймада болған жарылыстардан төрт адам көз жұмған болатын.

Арыстағы өртті сөндіруге жұмылған мамандарға сый-құрмет көрсетілді

Оларды бейбіт күннің батырларына теңеуге болады. Өйткені құтқарушылар толассыз көкке атылған снарядтарға қарамастан, басын қатерге тігіп жүріп өз қызметін абыроймен атқарды. Олар жалынды өшіріп қана қоймай, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Ержүрек жігіттерді аймақтық департамент басшылығы марапатқа ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, әскери қоймада болған жарылыстардан төрт адам көз жұмған болатын.

"15 техника мен 118 өрт сөндірушінің барлығын біз Арыс қаласына жібердік. Біздің өрт сөндірушілер өздерінің ерен еңбегін көрсетіп, сол жердегі оқиғалардың басы-қасында болғаны барлығыңызға мәлім. Ішкі істер министрі өзінің атынан марапаттауын жіберді. Оның ішінде 56 Құрмет грамотасы мен Алғыс хат болатын болса, 11-і министрдің атынан төсбелгімен, 11-і "Төтенше жағдайдың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін" деген медальдермен марапатталып отыр",– дейді қалалық ТЖД басшысы Нұрболат Дербісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу