Арыстағы шығын мөлшері шамамен 20 миллиард теңгені құрайды

860

15 шілдеге қарай шығынның нақты көлемі белгілі болады. 

Арыстағы шығын мөлшері шамамен 20 миллиард теңгені құрайды

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Арыс қаласында болған жарылыстан кейінгі шығын мөлшерінің қанша екенін атап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Шамамен 7,6 мың үйдің зардап шеккені туралы айтылды. Кеше біз бұл мәселені талқыладық. Шығын мөлшері шамамен 20 миллиард теңгені құрайды. Бұл – қаланы қалпына келтіру үшін қажетті қаржының мөлшерленген сомасы. 15 шілдеге қарай нақты цифр белгілі болады. Қазір онда бағалаушылар жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмыс жеткілікті", – деді ол.

Владимир Беккер қираған үйлер санының көбейіп жатқанын, бірақ оның барлығы қалпына келтірілетінін, бұл тұрғыда Президенттің арнайы тапсырма бергенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу