Арыстағы тәртіп қалай қадағалануда

955

Қала аумағын минасыздандыру бойынша іс-шаралар нәтижесінде 130-ға жуық снаряд табылды.

Арыстағы тәртіп қалай қадағалануда

Арыстағы тәртіпті Түркістан облысы полиция департаментінің 448 қызметкері қадағалауда, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Ұлттық гвардияның №6506 әскери бөлімінің 580 әскери қызметшісі және 36 арнайы автокөлігі, оның ішінде тұрғындарды эвакуациялауға қажетті жоғары өтімділікті 10 "Урал" автокөлігі, әскери полицияның 10 қызметкері, №0358 әскери бөлімінің 200 әскери қызметшісі (барлығы 1238 қызметкер) жұмылдырылған. Ал ҚР қорғаныс министрлігіне бағынысты бөлімшелердің 1800 әскери қызметшісі мен 50 арнайы техникасы да тартылған.

Қала периметрі бойынша қосымша Арыс ауыл жолдарына 20 бекет қойылды.

"Патрульдеу барысында полиция қызметкерлерімен 37 бас мал (22 ірі қара, 15 ұсақ мал), сондай-ақ, 150 иесіз қой анықталып, күзетке алынды. 25 маусымда полиция департаменті қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, Арыс қаласының аумағын минасыздандыру бойынша іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде 130-ға жуық снаряд табылды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу