Арыстағы үйге жүргізілген жөндеу аяқсыз қалған

855

Құрылысты жарты жолда қалдырған.  

Арыстағы үйге жүргізілген жөндеу аяқсыз қалған

Арыс тұрғыны "үйін соңына дейін жөндеп бермеді" деп қала билігіне ренжулі, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Нақтыласақ, жарылыстан зардап шеккен Нұрлыбаевтар отбасы өткен қысты суық үйде өткеріп шығыпты. Тұрғындар жіберген мына кадрларға зер салсақ, үйдің есік-терезесі,  тіпті едені де жоқ. Шала жөнделген баспанада 4 адам тұрып жатыр. Жарылыстан кейін бұл аймаққа Алматы облысы жауапты болыпты.

Бірақ құрылысты соңына дейін жеткізбей, қалдырып кеткен. Тек көрнекілік үшін сыртын ғана сылап-сипапты. Ал құжат бойынша "үй бітті" деп бекітілген. Алайда, үй мүлдем тұруға жарамсыз. Бірақ отбасының басқа пана етер жері жоқ. Сондықтан амалдауға мәжбүр. Әкімдік те карантинге дейін жөндеп береміз деп уәде етіпті. Бірақ бәрі сөз жүзінде қалып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу