Кешеден бастап ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 155 маманы мен 22 бірлік техникасы Арыс қаласындағы 41 нысанда тексеру және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген.
Себебі, 28 маусым күні таңғы 8.00-ден бастап Арыс қаласының тұрғындары үйлеріне оралды. Таңғы 6-дан бастап шаңырағына оралғысы келетін адамдар эвакуациялық орталықтардан жолға шыққан болатын.
Тұрғындары енді оралған қалада ветеринарлық қызмет өлген жануарлардың өлексесін іздеп, оны жою және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі таңда коммуналдық қызмет тарапынан Арыста жарық және сумен жабдықтау жүйелері іске қосылды.
Сондай-ақ Арыс теміржол бекетінен барлық бағытқа пойыз қатынай бастаған.
Арай Есенбек