Арыстағы жарылыс қасақана жасалған болуы мүмкін – Нұрлан Ермекбаев

1076

Қорғаныс министрі өрт сөндірушілердің арсенал аумағында бықсып жатқан өртке үнемі су құйып отырғанын жеткізді.

Арыстағы жарылыс қасақана жасалған болуы мүмкін – Нұрлан Ермекбаев

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігін сақтамау, қасақана өртеу немесе диверсия да себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Тап қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық мүмкін деген нұсқа қаралып жатыр. Бұл адами фактор. Өртке қарсы қауіпсіздікті сақтамау, немқұрайлық, техникалық себептермен қатар әдейі өртеу немесе диверсия болуы мүмкін", – деді қорғаныс министрі баспасөз мәслихатында.      

"Тергеу нәтижесі бойынша әр лауазымды адамның жауапкершілігі анықталатын болады", – деді ол.

Сонымен қатар министр өрт сөндірушілердің Арыс қаласында ауа райының ыстық болуынан арсенал аумағында бықсып жатқан өртке үнемі су құйып отырғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу