Арыстағы жарылыс сабақ болмай тұр

850

7 айда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 63 дерегі анықталған.

Арыстағы жарылыс сабақ болмай тұр

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдауға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 42,6%-ға өсіп, 874 дерек тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алудың 13 дерегі тіркелген, өткен жылғы көрсеткіш – 40 құқықбұзушылық.

Салада өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі 28,6%-ға немесе 63-ке өскен.

Жыл басынан бері қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды күзету міндетін тиісті деңгейде орындамаудың бірде-бір дерегі тіркелмеген, ал 2019 жылғы қаңтар-шілдеде мұндай 4 оқиға, 2018 жылы – 6 жағдай, 2017 жылы – 1 жағдай, 2016 жылы 18 жағдай болған.

Қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды сатып алу, беру, сату, және сақтауда ең көп қылмыстық құқықбұзушылық Алматыда тіркелді: 140 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп. 

Шығыс Қазақстан облысында да заңсыз әрекеттер көп болды (100 жағдай, плюс 42,9%).

Секторда жымқыру немесе қорқыту көбінесе Ақтөбе және Алматы облыстарында тіркелген: әр өңірде 3 дерек. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкентте – 2 дерек, Жамбыл және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматыда – 1 дерек.

Елордада өрт қауіпсіздігі талаптары жиі бұзылады: жыл басынан бері 18 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға көп.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (9 жағдай), Ақтөбе және Атырау облыстарында (әр өңірде 6 жағдай) көптеген бұзушылық болған.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа кінәлілердің барлығын жауапқа тартуды талап етіп отыр. 

2019 жылы Арыстағы (Түркістан облысы) жарылыстан соң
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі барлық оқ-дәрі қоймасын елді мекендерден тыс жерлерге көшіруді және оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін күшейтуді тапсырған еді. Мұндағы жарылыстан 4 адам қаза тапқан: 2 әскери қызметкер, 1 бейбіт тұрғын, 1 бала (эвакуациялау кезінде жол апатынан мерт болған). 

Депуттардың пікірінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалмай отыр. Оған дәлел Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс. Қайғылы оқиғадан 17 адам көз жұмды.

Жамбыл облысында жыл басынан бері "қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша 40 құқықбұзушылық, "қаруды, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алу" және "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" баптары бойынша 1 құқықбұзушылық тіркелген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу