Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілуде

1517

Әзірге 16 адамның медициналық мекемелерге жүгінгені белгілі болды.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілуде

Тап қазіргі уақытта Түркістан облысының медициналық мекемесіне Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс салдарынан зардап шеккен 16 адам түсті, деп хабарлады облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов аталған денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.   

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта облыстағы медициналық мекемелерге жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған 16 адам түскен. Оның бірі әскери адам, ол облыстық ауруханаға жіберілді", – деп жазды Қалқаманов дүйсенбі күні facebook-тегі парақшасында.    

Бұған дейін Қалқаманов алты зардап шеккен адам туралы айтқан болатын. Ал Шымкент ауруханасының қабылдау бөлімінде 10 зардап шегуші көмек сұраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу