Өскемен қаласының әкімі Ермак Сәлімов Албания елінде мектеп оқушылары арасында шахматтан өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Арыстан Есенжұловқа 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Кеше ғана Арыстан диалог ретінде өткен шарада облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесіп,өзінің сұрақтарын қойды. Ал бүгін міне біз осы батыр баламызды толғай жеңісімен құттықтау үшін барлығымыз жиналып отырмыз. Ең біріншіден нағыз чемпион азаматты тәрбиелеп шыққан анасына алғыс білдіргім келеді", —деді Ермак Бидахметұлы.
Арыстан Есенжұлов алдағы уақытта Шри-Ланка мемлекетінде өтетін халықаралық турнирге дайындығын бастап кетіпті.
Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын Албания елінде мектеп оқушылары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додадан Қазақстандық спортшылар 4 алтын, бір күміс және 2 қолаға қол жеткізді.