Оқу ордасы осыдан он жыл бұрын "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры" қоғамдық қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы Динара Құлыбаеваның жетекшілігімен ашылды. Бүгінде бұл мектеп инновациялық және озық білім беру ошақтарының біріне айналған. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Арыстанды" Қазақстанның әскери бейіндегі Үздік оқу орындарының бірі деп атап, оның жұмысына жоғары баға берді.
"Арыстан" мамандандырылған лицейінің қалай құрылғаны және бүгін тыныс-тіршілігі туралы генерал-майор Сәбит Тауланов "Сұхбат" бағдарламасында егжей-тегжейлі айтып береді. Сұхбатты арнамыздың эфирінен 25 маусым, яғни жұма күні сағат 21:00-де көре аласыздар.