Арыстан Нұр-Сұлтанға жеткізілген балалардың жағдайы қалай

796

Екі баланың бүгінгі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеме жасады.

Арыстан Нұр-Сұлтанға жеткізілген балалардың жағдайы қалай

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен екі баланың бүгінгі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеме жасады, деп хабарлайды elorda.info.

"28 маусым күні кешке қарай Шымкенттен 2005 және 2011 жылдары туған екі кішкентай науқас біздің балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер екі науқастың да бас миы мен көкірегін КТ өткізіп, біреуіне ота жасады. Қазіргі уақытта екеуі де нейрохирургия бөліміне ауыстырылып, ем алып жатыр. 2011 жылы дүниеге келген баланың жағдайы ауыр. Екі балаға да диагностика жасалып, ем алу толық көлемде жүргізілуде. Зардап шеккен балалардың денсаулығын жақсарту жолында өзіміздің, сонымен қатар, республикалық нейрохирургия орталығының мамандары жұмыс жасап жатыр", – деді қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов. 

Оның айтуынша, балаларды елордаға алып келуде ата-аналарының рұқсаты сұралды және олар қазір балаларымен бірге. 

"Екеуі де ашық бас сүйек жарақатын алған. Балалар ауруханада толық ем алып болғанға дейін жататын болады", – деді ол. 

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі баланың елордаға ем алуға жеткізілгенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу