Арыстан өтетін 10 жолаушы пойызының бағыты өзгерді

1030

Бұл пойыздар Түркістан мен Шымкентке жетпей бұрылады. 

Арыстан өтетін 10 жолаушы пойызының бағыты өзгерді

Арыстағы жағдайға байланысты жолда кідіруге мәжбүр болған пойыздардың жолаушыларына су мен тамақ таратылуда. "Жолаушылар тасымалы" Шымкент, Түркістан, Тараз станцияларындағы барлық тиісті қызметтер мен билет кассалары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшірілгенін хабарлады.

Жолаушыларды соңғы станцияларына жеткізу үшін көліктер ұйымдастырылған. 

Батыстан Алматыға бет алған пойыздар Түркістан станциясына тоқтап, жолаушылар автобустарға отырғызылып, Шымкент станциясына жеткізілуде. Сол жерден жолаушылар Алматы қаласына кететін құрамдарға қайта отырғызылады. Дәл сол сияқты Алматыдан батысқа бағыт алатын жолаушылар да баламалы тәсілмен тасымалдануда. 

Соған қоса 13 пойыз еліміздің оңтүстік өңірлерінен өте "Жезқазған-Жарық" жол бөлігі арқылы баламалы бағдар бойынша бағытталуда. 

Арыс станциясы арқылы қозғалыс жабылған сәттен бастап 11 мыңнан астам жолаушы жоғарыда айтылған тәсілмен тасымалданыпты. Оның ішінде 2 мыңнан астамы автокөліктермен жеткізілген. 

"Шымкент-Арыс-Түркістан" теліміндегі қозғалыс ашылғанға дейін 10 жолаушы пойызы "Жезқазған-Сексеуіл" телімі арқылы өтетін болады. Бұл пойыздар Түркістан мен Шымкентке жетпей бұрылады. 

Компания сапарға шығудан бас тартқан жолаушыларға билет ақысы толық қайтарылатынын жеткізді. 

Пойыздар кестесінің өзгеруі бойынша мәліметтерді 105 бірыңғай анықтама қызметінің телефоны арқылы нақтылауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу