Арыстан үдере көшкен халық Шымкенттегі "Ақмешітке" орналасып жатыр

2102

Жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балаларды Шымкенттегі мешітке әкеліп табыстауда.

Арыстан үдере көшкен халық Шымкенттегі  "Ақмешітке" орналасып жатыр

Арыс қаласындағы бүгінгі болған жарылыс кезінде жаппай үдере көшкен халықтың бір бөлігі Шымкент қаласындағы орталық мешітке ("Бекжан" базары маңындағы "Ақмешіт") келіп орналасуда, деп хабарлайды ernur.kz.

Шымкент қаласы орталық мешіттің бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміровтың айтуынша, қазірге дейін келіп орналасқандардың саны шамамен 500-ден асқан. Сонымен қатар, ата-анасынан адасып қалған, балабақшадан, лагерьлерден әкелінген балалардың саны 200-ге жуық дейді ол.

"Мүмкін болғанша, ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы ақпарат таратып жатырмыз. Балалар, әсіресе, балабақша жасындағы балалар көп. Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасын босатып, сонда орналастырып жатырмыз. Барынша көмек беруге тырысып бағудамыз. Қала халқына рахмет, сумен, азық-түлікпен көмектесіп жатыр", – дейді орталық мешіттің бас имамының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу