Қазақстанда ұлттық киноны қаржыландырудың жаңа үлгісі енгізіледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәжілісте айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Бізде шығарылған картиналардың аздығы мен оларды нарықта коммерциялық насихаттаудың осалдығы секілді шектеулер бар, себебі өндіріс барысында шығармашылық топ толығымен гонорарларын алып қояды. Ұсынылып отырған заңжобасында қаржыландыру кестесі көрсетілген. Әлеуметтік маңызы бар фильмдер ғана толығымен қаржыландырылатын болады, бірінші кезекте тарихи, деректі, аннимациялық, дебюдтық картиналар қаржыландырылады. Ал, қалған жаппай, коммерциялық жобалар жартылайқаржыландырылған және инвесторлар тартылған жағдайда ғана қаржыландырылады. 2021 жылға қарай осы үлгіге сәйкес кино өндірісін айтарлықтай арттырып, мемлекеттік бюджеттің жүктемесін 30%-ға азайтуды көздеп отырмыз", - деп сендірді Мұхамедиұлы.