Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға тұтқындалды

807

Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға тұтқындалды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі – Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының тұтқындалғаны ресми түрде расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді", – деп жазылған ақпарда.

2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу