Арыстанбек Мұхамедиұлы: Қазір барлығымыз Денистің амандығын тілеп отырмыз

828

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Қазір барлығымыз Денистің амандығын тілеп отырмыз

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматыдан өте суық хабар жетті. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан 3 литр қан жоғалтып, жансақтау бөлімінде жатыр. Алматы орталық клиникалық ауурханасының дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр. Бұл үлкен қайғы, тіпті ақылға қонбайды. Қазір барлығымыз Денистің амандығын тілеп отырмыз", - деп жазды министр Фейсбук желісінде.

Еске сала кетейік, бүгін спортшы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны белгісіз адамдар пышақтап кеткен. Денис Тен оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Қазіргі таңда ауруханада осыған байланысты түрлі сала мамандарының консилиум өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу