Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл соңына дейін қамауда болады

940

Экс-министр осы жылдың мамыр айында қамауға алынған еді.  

Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл соңына дейін қамауда болады Фото: egemen.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау уақыты тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап.

"2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Осылайша, экс-министр желтоқсанның аяғына дейін қамауда болады. Сот санкциясымен 2022 жылдың 28 мамырында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу