"2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - деп жазылған Елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.
Айта кетейік, осы жылдың 29 мамырында ҚР Ұлттық мұражайдың бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Оған қатысты халықаралық көрмені өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу