Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот отырысы 17 сәуірде өтеді

713

Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінген Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі елорда сотына түсті.  

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот отырысы 17 сәуірде өтеді Фото: golos-naroda.kz

Оны Байқоңыр аудандық соты өндіріске алған. Алғашқы отырыс ашық болады және сәуірдің 17-сі таңғы 10-да өтеді. Мұхамедиұлынан бөлек қылмыстық іс бойынша тағы 3 адам күдікті деп танылған.

Есте болса, былтыр 28 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Оған халықаралық көрмелер мен жобаларға бөлінген бюджет ақшасын қалтасына басты деген айып тағылды. Мемлекетке келтірілген залал 7 миллиард теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу