Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

159

Нысанның нарықтық құны 551 млн теңгеге дейін төмендетілмек болған. 

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды Фото: видео скриншот

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.

"Осы жылдың 17 шілдесінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді", - делінген қадағалау органының хабарламасында.

Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" ЖШС иелік еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу