Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты күдікке ілінді

415

Экс-мәдениет министрінің қорғаушысы Мұстақым Төлеев пара беруге итермеледі деп айыпталуда.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты күдікке ілінді Фото: Ашық дереккөзден

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Экс-мәдениет министрінің қорғаушысы Мұстақым Төлеев пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Ол қорғалушының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен Мұхамедиұлының жұбайынан 460 000 АҚШ долларын алған. Қыруар қаржыны сот органдарының лауазымды адамдарына пара ретінде беретінін айтқан.

Тергеу барысында 255 000 АҚШ доллары тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.

"Жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды. Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу