Арыстанбек Мұхамедиұлының бір сыбайласы бостандыққа шықты

810

Айым Сәдуақасова 5 жылға босатылып, содан кейін сот тағайындаған жазаны өтейді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының бір сыбайласы бостандыққа шықты

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сыбайластардың бірі Айым Сәдуақасова сот шешімімен босатылды.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы Айым Сәдуақасоваға қатысты үкімі өзгертілсін. ҚР Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөліміне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 5-бабының 28-бабы және 189-бабы 4-бөлігі бойынша тағайындалған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын өтеу 5 жылға кейінге қалдырылсын" - деді судья Мұрат Солтыбаев.

Судьяның айтуынша, Айым Сәдуақасова 5 жылға босатылып, содан кейін сот тағайындаған жазаны өтейді.

"А. Сәдуақасоваға қатысты бұлтартпау шарасы жойылсын, қамаудан дереу босатылсын. Айым Сәдуақасованы үкім заңды күшіне енгеннен кейін 1 күн мерзімде тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне есепке қою үшін келуге міндеттесін", - дейді ол.

Еске салайық, биыл 20 маусымда Арыстанбек Мұхамедиұлының сыблайластары Айым Сәдуақасова, Алмаз Нұразхан және Азамат Көшенов сот шешімімен 7 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу