Арыстанбек Мұхамедиұлының енесі рейдерлік үшін сотталмайды

1069

Ол "Дипломат" қонақ үйінің иесі деп танылған.

Арыстанбек Мұхамедиұлының енесі рейдерлік үшін сотталмайды

Экс-министрдің басынан дау арылмай тұр. Оған сот отырыстары әлі де жалғасып жатыр. Процестің қай уақытта аяқталатыны әзірге белгісіз. Белгілісі, бұл жолы Мұхамедиұлына Астананың қақ ортасында тұрған "Дипломат" қонақ үйін заңсыз иемденді деген айып тағылып отыр. Ал экс-министр соттан сотқа басын сүйреп жүргенде мейманхананың басшылығы ауысып та үлгерген.

Елордадағы ең беделді әрі көпшілікке жақсы таныс "Дипломат" қонақүйінің иесі кім деп кез келген жолаушыдан сұрасаңыз былай дейді.

Енді экс-министрге немесе оның енесіне тиесілі деп кесіп айту қиын сияқты. Біз арнайы қонақүйге барып, бас сұқтық. Мақсатымыз Дипломаттың қазіргі нақ иесі кім екенін білу, тілдесу еді.

Естігендеріңіздей өзін атқарушы директормын деп таныстырған азаматтың осы қонақ үйде қызмет етіп жүргеніне 3 ай ғана болған. Аз-кем әңгімеден түсінгеніміз. Дипломаттың бұрынғыдай екеу емес, бір ғана иесі бар. Директор қонақүйдің тағдыры сотта шешіліп жатқанынан хабардар болса да, пікір білдіруден бас тартты.

Ал Астанада сот әлі жалғасып жатыр. Прокуратураның айтуынша, 2019 жылы Мұхамедиұлына Дипломаттың иесі жүгінген. Оған экс-министр 2,5 млрд теңге беруге келісіп, қонақүйдің 71 пайызын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Келісімнен кейін Мұхамедиұлы Дипломатқа жиі бас сұғып, одан кейін қалған бөлігін беруді сұраған. Бірақ кәсіпкер ұсынысты қабылдамайды. Тергеу мәліметі бойынша, уақыт өте Мұхамедиұлы қонақүй иесін кіргізбеуді тапсырған. Артынша жалған хаттама толтырып, компания директоры ретінде экс-министрдің адамы таныстырылған. Алайда бұл айыптаулармен Мұхамедиұлы келіспей отыр. 

Арыстанбек Мұхмедиұлының басынан сотқа дейін де, кейін де дау арылған емес. Тұңғышбай Жаманқұловпен текетіресі ел жадында. Халық әртісі экс-министрдің Өнер академиясында ректор болып жүрген кезіндегі кикілжіңді кек сақтап, кейін өш алғанын айтады. Ол кездегі дауға Арыстанбек Мұхамедиұлының студент қыздарға қырындауы себеп болған. Бұрынғы шенеунік бұған дейін бюджет қаржысын ысырап қылғаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталған еді. Ал Дипломат қонақүйі бойынша келесі сот отырысы 24 қазанда жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу