Арыстанбек Мұхамедиұлының ісінде үшінші эпизод пайда болды

1842

Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісінде үшінші эпизод пайда болды. Бұл жолы – 1,2 млрд, деп хабарлайды inbusiness.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісінде үшінші эпизод пайда болды

"Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеруін жалғастыруда. Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары "Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру" жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төледі. Сонымен қатар жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 млн теңгені құрағаны анықталды. Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді", – деп жазылған таратылған ақпаратта.

Еске салайық, 16 мамырда Мұхамедиұлының үйі мен Ұлттық музейде тінту жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Кейінірек экс-министр өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Алайда оның өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып, Мұхамедиұлының өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу пайда болды, онда экс-министр сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеудің басталғанын растап, оны белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловпен келіспеушіліктермен байланыстырды. Кейін Жаманқұлов Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғанның өзі екенін растады. Сол күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық музейдің шенеуніктеріне 146 миллион теңге жымқырды деген айып тағылғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу