Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қатысты іс Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотына түсті. Ашық сот 2023 жылғы 17 сәуір күніне белгіленген, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана қалалық сотынa cілтеме жасап.
"Байқоңыр аудандық №2 соты бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасованы айыптау бойынша қылмыстық істі өндіріске алды. Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы ашық сот отырысында 2023 жылғы 17 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіленген", - делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу