Арыстанбек Мұхамедиұлының сотына журналистердің қатысуына шектеу қойылды

2007

Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. 

Арыстанбек Мұхамедиұлының сотына журналистердің қатысуына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтанда Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Kazakh24.info сайтына сілтеме беріп.

Адвокаттар мен сотталушы Мұхамедиұлының өзі отырысқа ZOOM арқылы қосылды. Журналистерге конференцияға 20 минутқа кіруге рұқсат етілді, содан кейін кіру шектеулі болды.

Айта кетейік, қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін мәдениет министрі қызметін атқарған ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының тұтқындалғаны туралы хабарлаған болатын. 

Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесіне дайындық кезінде 146 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

16 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу пайда болды. Онда 59 жастағы экс-министр мұражайды тексеруді "негізсіз" деп атады және бұл "интригалардың салдары" деп мәлімдеді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың маусым айына дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу