Арысты қалпына келтіруге көмектескен қарағандылықтар мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Президент атынан алғыс хаттар мен медальдарды табыс етті.
"Өздеріңіз білесіздер, жазда Түркістан облысының Арыс қаласында қайғылы оқға орын алды. Мыңдаған тұрғын қиын өмірлік жағдайға тап болды. Оған көмек көрсетуде Республиканың барлық өңірлері үн қосты. Біздің облысымыз да шет қалмады. Гуманитарлық көмектен басқа, біз зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша көмек көрсеттік. Барлық жұмыстар белгіленген мерзімдерден бұрын аяқталды. Тұрғындар риза болды. Ел Президенті еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін жерлестерімізді атап өтті. Бүгін оларға мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттарды табыс етуге рұқсат етіңіздер", – деді ол.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмахановты марапаттады.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен "Стройка и К" ЖШС жұмысшысы Сембай Тұяқов марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен – Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев, және "ГорКомХоз" ЖШС директоры Мейрам Ысқақов атап өтілді.