Арысты қалыпқа келтіруге үкіметтің қосымша қорынан қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, резервте қазір 30 млрд теңге бар. Бұл ақша жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек беруге және құрылысты бастауға жетіп қалуға тиіс. Министр арнайы құрылған жұмыс тобының да шығынды есептеуге кіріскенін айтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған мүшелері де Арысқа барып қайтқан. Әзірге алдын-ала санақ бойынша 19 үйге снаряд түсіп, олар толық бүлінгендер тізіміне алыныпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу