Арыстық 200-ге жуық ардагер сауықтыру орындарына аттанды

1026

Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Арыстық 200-ге жуық ардагер сауықтыру орындарына аттанды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бүгін арыстық 200-ге жуық ардагер "Мейір" ардагерлер үйіне аттанды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Онда ардагерлерге түрлі медициналық қызметтер көрсетілетін болады. Атап айтқанда,  физиотерапиялық, парафинмен, озокеритпен емдеу, дене шынықтыру, дәрі егу сынды ем-дом көрсетіледі. Демалушылар күніне төрт мезгіл тамақтанады. Жалпы демалу мерзімі – 15 күн.

Айта кетерлігі, Арыс қаласында 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Бүгін, 8 шілдеде "Мейір" ардагерлер үйіне 190 зейнеткер аттанса, 9 шілдеде 200 зейнеткер жолдама алады.  Жалпы, шілде-тамыз айларында барлығы 1360 зейнеткер қамтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу