Арыстық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

485

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы Білім-инновация лицей-интернатының түлегі Айсұлтан Алтынбек үздік нәтиже көрсетіп, көпшілікті таңғалдырып отыр.

Арыстық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды Фото: instagram / bil.arys

Оны әлемнің 9 елінен 86 жоғары оқу орны шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Білім-инновация лицейіне сілтеме жасап.

"Лицейіміздің мақтанышы Алтынбек Айсұлтан әлем бойынша 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық университет бар", – деп жазылған хабарламада.

Айсұлтан шақырту алған үздік 10 университет:

  1. Budapest University of Technology and Economics;
  2. Eötvös Loránd University;
  3. University of East London;
  4. Albion College;
  5. Hampshire College;
  6. Drexel University;
  7. DePaul University;
  8. CU Boulder (University of Colorado Boulder);
  9. Drake University;
  10. Temple University.

"Бұл оқу орындары – жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер. Айсұлтанның жалпы иеленген гранты – 4 614 000 доллар. Бұл – үлкен еңбек пен мақсатқа деген адалдықтың нәтижесі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу